25 жел, 2025 сағат 11:57

Асанәлі Әшімовтің 26 жастағы қызы жантебірентерлік жазба жариялады

Фото: Instagram.com

Қазақ киносының абызы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың қазасынан кейін оның үшінші некесінен туған қызы Сағина әкесіне деген сағынышын жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Сағина Әшімова – актердің үшінші жары Маржаннан туған перзенті. Әкесінен айырылған қыз өз жазбасында ішкі күйзелісін жасыра алмады.

"Әкем… Жүрегімнің ішінде жүрегі. Сізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр тиеді. Амал дәптеріңіз әрдайым ашық болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз", — деп жазды ол Instagram парақшасында.