Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында "еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы төлеу жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістерді талқылау" мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.
Жиынға қала әкімі М.Қадырбек, Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы, облыстық бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Мамытбеков, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының басшысы С.Байдуанов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы З.Маханова, қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Аталған жиында күн тәртібіндегі "Еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау" мәселелері бойынша ОҚО-дағы еңбек инспекциясының мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Жанбатыр, зейнетақы төлеу жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер туралы баяндама жасау үшін сөз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» ОҚО бойынша филиалының бөлім басшысы Ә.Исабаев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы З.Махановалар баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.