18 қаң, 2024 сағат 16:04

Арыста газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті

Фото: Түркістан облысы ТЖД

Арыста газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті. Денесін күйік шалған екі адамның да жағдайы ауыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Арыс қаласындағы Қазыбек би көшесінде орналасқан үш бірдей коммерциялық нысан өртке оранды.


Салдарынан 50 литр газ балоны жарылып, екі адамның денесін күйік шалды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен соң, наубайхана ішінен тағы 2 дана 50 литр және 2 дана 25 литр газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

«Бір қабатты шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкенді өрт шалды. 40 жастағы ер адам денесінің 65-70 пайызын күйік шалса, 36 жастағы екінші адам 25-30 пайыз күйіп қалған. Қазір екі зардап шегуші де орталық ауруханаға жатқызылды» делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.