Фото: panthermedia/vostock-photo
Арыста 5 жасар қызға сексуалдық сипаттағы қылмыстық әрекет жасаған педофил ісіне сот нүкте қойды, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.
Іс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен айып тағылды.
Сот материалдарына сүйенсек, 2001 жылы дүниеге келген сотталушы - Арыс қаласында орналасқан №37 үйдің тұрғыны. Ол өзінің пәтерінен шығып, №39 мекенжайда орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алдына келген. 1-ші сыртқы есіктің кіреберісінде (подъезд) 5 жасар қыздың жалғыз ойнап жүргенін көріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасау қылмыстық пиғылы пайда болған. Содан көпқабатты тұрғын үйдің баспалдақ дәлізіне кіріп, бүлдіршінді қолынан жетектеп 2-ші қабаттан 3-ші қабатқа көтерілетін баспалдақтың орта бөлігіндегі алаңшаға алып барып, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген. Кейін кішкентай қызға сексуалдық сипаттағы қылмыстық әрекетін жасаған.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындаған және оқиға болған кезде ішіне «жын кіріп кетті» деп жауап берген.
«Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар сотталушы педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ» - делінген Түркістан облыстық сотының мәліметінде.
Еске салсақ, көптің жағасын ұстатқан оқиға биыл мамыр айының 21-і күндізгі уақытта болған. Арам пиғылын іске асырған соң жас жігіт көпқабатты үйдің подъезінен шығып, темекі сатып алу үшін дүкенге барған. Ал бүлдіршіннің әкесі көпқабатты үйдің алдында өз көлігін жөндеп жатқан. Осы кезде жас қыз әкесіне болған оқиға мен тамағы ауырып жатқанын айтқан.
Күдікті сол уақытта ұсталып, дереу қамауға алынды.