Саперлар Арыс қаласының 65 пайыз аумағын жарылғыш заттардан тазарты, деп хабрлайды "Ұлт ақпарат".
Түркістан облысында тікелей өтіп жатқан кезекті брифинг барысында Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласын қауіпті жарылғыштардан тазалау жұмыстары 65 пайыз орындалғанын айтты.
«Саперлар 6 мыңнан астам оқ-дәрі затын анықтап, бәрін залалсыздандырылды. Сағат 16.00-дегі дерек бойынша Арыстың 65 аумағы жарылғыштардан тазаланды», - деді ол брифинг барысында.