Фото: Мақсат Құсайынов
31 мамырда Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» Қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізді.
Атап айтқанда, дүниеден өткен қаламгерлердің басына зиярат етіліп, құран бағышталды. Кеңсай зиратында тазалық жүргізілді. Сондай-ақ жазушылар туралы естеліктер айтылып, ақындардың өлеңдері оқылды. «Өлі разы болмай, тірі байымас» демекші, әруақтарға бағыштап мал сойылып, кішігірім ас берілді.
Алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ.