Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртаудың» активтерін қайтаруға бюжет қаржысы жұмсалмайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
«Бұл компанияны Қазақстан пайдасына алу қаншаға түсуі мүмкін? Біз олигарх Митталға қандай да бір сома төлеуміз керек қой?» - деп сұрады журналист.
Министр «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының акционері құнды қағаздар нарығына қатысатын жария компания екенін атап өтті.
«Бұл - әлемдегі метал мен болат өндіруші екінші компания, яғни бұл жерде біз бірінші кезекте жария компания болып есептелетін заңды тұлғамен диалог жүргізіп жатырмыз. Біз қазір кәсіпорын активін Қазақстан Республикасының пайдасына өткізуге міндеттейтін заңды құжатқа қол қойғанша келісімнің қандай да шартын бір айта алмаймыз. Өйткені, ол - жария компания. Келісімде қандай бір төлем туралы шарттар енгізілсе, «АрселорМитталға» қандай да бір болашақ шығындарды өтемейміз. Бұл - біріншіден. Екіншіден, біз бұл активті сатып алуға бюджет қаражатын жұмсауды жоспарлап отырған жоқпыз», - деді Қанат Шарлапаев.