10 мам, 2024 сағат 17:44

Арменияда Пашинянға қарсылық күшейді


Армения астанасы Ереванда премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап ететін мыңдаған адам митингке шыққан. Олар елдің бірқатар аумақтарының Әзербайжанға берілуіне қарсы.

Бұл жолы жолы наразылықты оппозициялық саясаткер емес, дін қызметкері бастады. Бұл тавуш епархиясының архиепископы Баграт Галстанян. Оның бас көтерген себебіне тоқталсақ, Тавуш шіркеуі осы аймақта екен. Сондықтан Галстанян жұрттың алдына шығып, Пашинянға қарсы көзқарасын білдірген. 

Айта кетейік, биылғы 19 сәуірде Армения мен Әзербайжан шекара делимитациясын жүргізуге келіскен. Келісім бойынша, Тавуш облысындағы бірқатар шекаралас бөліктер Армениядан Әзірбайжан бақылауына өтуге тиіс.