Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның ҰҚШҰ-ға қатысуын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" EurasiaDaily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұхбатта Никол Пашинян Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт орындалмағанын атап өтті.
"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады және мұны біз байқамай қала алмадық. Біз осы шартқа қатысуымызды уақытша тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік", – деді Пашинян сұхбатында.
Сонымен қатар Пашинян қазіргі уақытта Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік "мүмкін емес" деп мәлімдеді.
Айта кетейік, биыл қаңтар айының соңында Армения Әзірбайжанға шабуыл жасамау туралы келісімге қол қоюды ұсынды.