21 қар, 2025 сағат 10:56

Армения премьері Пашинян Астанадан қазақ әнімен сәлем жолдады

Фото: видеодан скриншот

Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадан түсірілген видеоны қазақ әнінің фонында жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Видеода Пашинян терезеден көрінген Астана панорамасын көрсетті. Ролик үшін ол қазақстандық BayanSulu тобының Aua rai атты әнін таңдаған. Ролик соңында армениялық саясаткер қолымен “жүрек” белгісін жасайды.

«Қайырлы таң, жақсы күн тілеймін және баршаңызды жақсы көремін», – деп жазды Пашинян.


Айта кетейік, 20 қараша кешкісін Никол Пашинян ресми сапарымен Астанаға келді. Әуежайда Армения Үкімет басшысын Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Сапар аясында 21 қарашада екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірнеше кездесу жоспарланған.

Бұған дейін Ақорда Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20–21 қараша күндері Қазақстан астанасына ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.