05 қыр, 2025 сағат 15:19

Арманидің қайтыс болуына байланысты Миланда аза тұту күні өтеді


Фото: fashiongtonpost.com

Сән әлемінің аңызы, ең ықпалды дизайнерлердің бірі, Armani сән үйінің негізін қалаған Джорджио Амани 91 жасқа қараған шағында дүние салды, деп хабарлайды Ult.kz.

Қаралы күнге байланысты 8 қыркүйекте сән әлемінің астанасы Миланда аза тұту жарияланады. Бұл туралы қала әкімі хабарлады.

Жерлеу рәсімі Арманидің өз қалауы бойынша жабық өтеді.

Джорджио Армани (Giorgio Armani) италиялық әлемге әйгілі модельер, дизайнер, кәсіпкер. Ол 1934 жылы 11 шілдеде Италияның Пьяченца қаласында дүниеге келген.

Бастапқыда Армани медицина факультетінде оқыған, бірақ оқуын аяқтамай, сән әлеміне бет бұрады. Алдымен витрина безендірушісі болып жұмыс істеп, кейін Nino Cerruti сән үйінде дизайнер болды.

1975 жылы өзінің жеке маркасын – Giorgio Armani брендін құрды. Ол ерлер мен әйелдерге арналған классикалық әрі минималистік стильдегі киімдерімен танымал болды. Армани сән индустриясына «еркін пішімді костюмді» енгізіп, қатаң костюмнің орнын ыңғайлы әрі стильді үлгілермен алмастырды.

Арманидің дизайндары Голливудта үлкен сұранысқа ие болып, көптеген жұлдыздар оның киімдерін таңдады. Қазір Giorgio Armani компаниясы киіммен қатар, парфюм, аксессуар, косметика, қонақүй бизнесімен де айналысады.