29 қаң, 2022 сағат 12:57

Арман Оспанов Eagle FC лигасының турнирінде жеңіліс тапты


Аралас стильдегі қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-5) Eagle FC лигасындағы дебюті сәтсіз аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алдын ала кардтың соңғы жекпе-жегінде 32 жастағы Оспанов франциялық 28 жастағы Дилан Сальвадормен (4-1) кездесті. Екі раундтың қорытындысы бойынша француз техникалық нокаутпен алда болды. 

Екінші бес минутта "Сұнқар" қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал үшінші раундқа Оспанов жарақатына байланысты шыққан жоқ, нәтижесінде жеңіс қарсыласына берілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Сальвадор лоукиктерімен Оспановтың аяғын жаралаған. Жекпе-жектен кейін француз бұл соққылар оның қазақстандыққа қарсы ойын жоспары болғанын растады.

Бұл - екі спортшы үшін де Хабиб Нурмагомедов иелік ететін Eagle FC лигасындағы дебют кездесу.