Фото: ҚР Президентінің телерадиокешені
Белгілі медиа-менеджер Арман Дәулетияров ҚР Президентінің Телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетейік, Арман Дәулетияров - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Муз-ТВ арнасының экс-жетекшісі, кәсіпкер, психология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, медиа-менеджер, тележүргізуші, TEFI сыйлығының иегері.
Ол Қазақстан Республикасының "Құрмет", Ресей Федерациясының "Достық" ордендерімен марапатталған.