Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Тілеукеновке Әлия Назарбаеваның "ӨКМ операторына" байланысы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Қазір Әлия Назарбаеваның жағдайы қалай? Ол 2016 жылы "ӨКМ Операторының" алғашқы құрылтайшысы болды. Сонымен қатар, іске қатысы бар тұлғалар мен куәгерлер ӨКМ компаниясын көрінбей кеткенге дейін Әлия Назарбаева бөгде тұлға арқылы басқарғанын айтты. Неге бұрынғы президенттің қызы бұл іске тартылмады, тіпті бүгінге дейін жауап алынбады", - деп сұрады журналистер Астанада өткен Антикор брифингінде.
"Мәселе мынада, сот бұл іске нүкте қойды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу барысында ұсынған барлық дәлелі толық расталды. Бұл адамға келетін болсақ, мен жеке тұрғылықты жері туралы білмеймін. Сот процесі барысында айтылған сөздерге келетін болсақ, тергеу жүргізу кезінде тегі мен осы заңды тұлғаға қатысы аталмады", - деп жауап берді Арман Тілеукенов.