15 жел, 2025 сағат 11:31

Әнипа Назарбаеваның қолдауы: әуе отыны нарығындағы делдалдар мен қымбат билеттер қайдан шықты?

Фото: egemen.kz

Қазақстандағы әуе отыны нарығындағы делдалдардың үстеме пайдасына және әуе билеттерінің қымбаттауына кейбір трейдерлерге Әнипа Назарбаеваның қолдау көрсетуі ықпал етіп отыр деген ақпарат бар. Бұл туралы EGOV.PRESS Telegram арнасына сілтеме жасап, Ult.kz хабарлайды.

Қазақстанда әуе кемелеріне арналған отын өндіріледі, алайда әуежайларда ол бір тоннасына 1200 АҚШ доллардан сатылып отыр. Негізгі үстеме пайда — 330 АҚШ доллары шамасында делдалдардың үлесінде, ал негізгі әуежайлар өзге жеткізушілер үшін жабық. 

EGOV.PRESS дереккөздері мәліметінше, кейбір трейдерлер Әнипа Назарбаеваның қолдауына ие болған. Делдалдарды алып тастап, бақылауды мемлекетке қайтару қажет. 

Тиісті шара қолданылған жағдайда билеттердің бағасы төмендейді.