08 мау, 2021 сағат 16:07

Англияның Футбол қауымдастығына тұңғыш рет әйел басшы тағайындалды


Дебби Хьюитт Англияның Футбол қауымдастығы басшысының қызметіне 2022 жылдың қаңтарынан бастап кіріседі, ол ұйым басшылығындағы тұңғыш әйел болмақ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Комиссия оның бизнес секторларының кең спектрінде төрайым ретіндегі және басқарудағы мол тәжірибесін, сонымен қатар оның осы қызметке қажетті тексерілген көшбасшылық қабілеттері мен характерін мойындайды», - делінген Хьюитті осы қызметке тағайындаған комиссия мәлімдемесінде. Онымен бірге бұл лауазымға 5 кандидат қарастырылған. 

FA Кеңесіне 2021 жылдың 22 шілдесінде болатын келесі отырыста жаңа төрайымды ресми бекіту туралы ұсыныс айтылады. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға Хьюитт ханым 2022 жылдың қаңтарынан бастап кіріседі. Қазіргі кезде Дебби Хьюитт Visa Europe, BGL Group, Moss Bros Group plc, The Restaurant Group plc, White Stuff Limited және Redrow Group plc-дің атқарушы емес директоры қызметінде. Бұдан бұрын Хьюитт ханым Ұлыбританияның Корольдік автоклубының (RAC) атқарушы директоры болған.