Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін Италияда фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтті. Қыздар арасында параллельді могул бойынша сынға түскен отандасымыз жарыс жеңімпазы болды.
Сондай-ақ, тұғырға 2 америкалық қыз көтерілді. Элизабет Лемли «күміс» жүлдегер атанса, Элли Макуга қола медальға ие болды. Фристайл могулдан барлығы 14 спортшы өнер көрсетті.
Айта кетерлігі, бұл - Анастасия Городконың аталған әлем біріншілігіндегі үшінші медалі. Ол осыған дейін қыздар арасында жекелей сайыс пен аралас (микс) санаты бойынша күміс жүлдені жеңіп алған болатын.