06 қыр, 2024 сағат 17:30

Amanat депутаттары ескі уақыт белдеуіне оралуды қолдап шықты


Amanat фракциясының депутаттары елдегі уақыт белдеуін қайтару мәселесі бойынша қазақстандықтардың көптеген өтінішіне сүйене отырып мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ult.kz

Аманат өкілдерінің мәлімдемесі Facebook-те жарияланды. Фракцияның бірнеше депутаты Қазақстанда уақыт белдеулерін қайтаруды қолдап шықты.

"Мыңдаған қазақстандықтың өтініштерін ескере отырып, мәлімдеме жасағымыз келеді. Бүгін біз осы мәселе бойынша Amanat фракциясының жиналысын өткіздік. Аймақтарға жасаған жұмыс сапарларымызда Павлодар, ШҚО, Абай облысы, СҚО сияқты Қазақстанның көптеген облысында халықтың уақытты ауыстыруға, атап айтқанда, уақыт белдеуін қайтаруға қатысты сұрақтарын жиі кездестірдік. Әрине, Қостанай, Қызылорда және БҚО үшін мұндай уақыт белдеуі ыңғайлы, бірақ ШҚО үшін бұл ыңғайсыз. 
Ол жақта таң 02:30-да атып, ал кешкі 5-6-да қас қарайып қалады. Ал екінші, үшінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары қалай болмақ? Елдің аумағы, Қазақстанның географиясы үлкен. Сондықтан алдымен бәрін мұқият зерттеп, уақытты ауыстырудың азаматтардың денсаулығына әсерін де ескеру керек еді. 
Сондықтан біз осы мәселе бойынша фракция жиналысын өткіздік және келесі бірлескен парламент отырысында бұл мәселені көтеріп, үкімет мүшелері мен ғалымдардың қатысуымен тыңдау өткізу туралы шешім қабылданды", - делінген мәлімдемеде.


Айта кетейік, 2023 жылғы қаңтарда Сауда министрлігі Қазақстан аумағында уақытты табиғи уақыт белдеуімен сәйкестендіре есептеу қажеттілігі туралы көптеген өтініш келіп түскенін хабарлады. 

19 қаңтарда үкімет қаулысына өзгерістер енгізіліп, 1 наурыздан бастап ел аумағында UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуі күшіне енді.