07 там, 2024 сағат 16:55

«Алтын медаль алғым келген»: Назым Қызайбай көз жасына ерік берді

Бокстан Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай боксшысына есе жіберіп, қола медаль еншілеген Назым Қызайбай журналистерге сұхбат берді.

"Жекпе-жек оңай болмады. Ұтуға барымды салдым. Кеш жұдырықтастым. Бірақ Қытай қызы барын салды. Қатты ұрамын деп арасында қатып қалдым. Барлық қарсылас бірдей. Қатты ұтқым келді. Алдап кетіп істейін деп едім... Әттеген-ай дейтін тұстарым бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз", - деді Назым Қызайбай.



Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбайдың Қытай боксшысына есе жібергенін жазған болатынбыз.