08 там, 2016 сағат 11:53

"Алтын қалам - 2016" тәуелсіз әдеби жүлдесін ұтып алыңыз!

«АЛТЫН ҚАЛАМ 2016» ТӘУЕЛСІЗ ӘДЕБИ ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

«АЛТЫН ҚАЛАМ» тәуелсіз әдеби жүлдесі (әрі қарай - конкурс) 2016 жылы мынадай мақсатпен өткізіледі:

  1. Жас және қазақстандық қаламгерлерді дәріптеу;
  2. Қазақ қаламгерлерінің қатысуымен әдеби кештер және мастер-класстар өткізу;
  3. Бүгінгі Қазақстан әдебиетінің базасын қалыптастыру және оларды жариялау.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Ұйымдастыру комитетінің құрамына  құрылтайшылар өкілдері және конкурс меценаттары, ықылас танытқан ұйымдардың өкілдері кіреді.

Конкурстың ұйымдастыру комитеті Конкурс қатысушыларын марапаттау рәсімін ұйымдастырады, қазыларды Конкурс қатысушыларының шығармаларын бағалауға шақырады. 

Ұйымдастыру комитеті қабылданған шығармаларға рецензия жазбайды, оларды авторға қайтармайды және басып шығару немесе жариялау үшін баспа үйлеріне жөнелтпейді. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитеті Конкурсқа ұсынылған жұмысқа байланысты авторлармен хат алмаспайды. 

Ұйымдастыру комитеті www.akalam.kz. сайтында оқырмандардың жоғары бағасын алған шығармалардың авторларын хабардар етеді және марапаттау рәсіміне шақырады. 

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ

Барлық жұмысwww.akalam.kzсайтына орналастырылады ( әрі қарай - сайт).

Дауыс беру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде үздік шығармаларды сайт оқырмандары дауыс беру арқылы анықтайды. Олар лайықты әдеби шығармаға 2015 жылғы тамыз айының 31-не дейін дауыс береді. 

Мұнан кейін, сайтта ең көп дауыс жинаған жұмыстар жеңімпазды анықтау үшін қазыларға табыс етіледі.  

Нақты аталым бойынша ең көп дауыс жинаған автор Конкурс жеңімпазы атанады. Жеңімпазға қарағанда аз, бірақ өзгелерге қарағанда көп дауыс жинаған автор Конкурс дипломанты атанады. Екі автор тең дәрежеде көп дауыс жинаса, Қазылардың шешімімен екеуі де жеңімпаз атануы мүмкін немесе біреуі жеңімпаз, екіншісі - дипломант болады. Сондай-ақ, тең немесе айырмашылығы шамалы ғана  дауыс жинаған екі немесе одан да көп автор дипломант атануы мүмкін.  

Конкурстың Қазылар құрамына шақырылған танымал ақындар, редакторлар, баспагерлер, құрылтайшылар мен ұйымдастырушылардың өкілдері және меценаттар кіреді. 

Қазылар әр аталым бойынша жеңімпазды жасырын дауыс беру арқылы жүлдеден үміткерлердің соңғы тізімінен таңдайды.  www.akalam.kz cайтындағы дауыс беру қорытындысы мен Қазылар мүшелері жайлы ақпарат Конкурс қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсіміне дейін жарияланбайды. 

Қазылар Конкурс қатысушыларымен хат алыспайды. Қазылар шешімі өзгертілмейді. 

Қазылармен келісе отырып ұйымдастыру комитетімен, демеушілермен, жекелеген кәсіпорындармен, құрылтайшылармен, ұйымдармен Конкурстың арнайы сыйлықтары тағайындалуы мүмкін.

Қазылар кез келген аталым бойынша жеңімпазға немесе дипломантқа атақ беруден бас тартуға құқылы.

Конкурс жеңімпаздарына дипломдар 2016 жылдың күзінде өтетін Конкурс қатысушыларын марапаттау  рәсімінде табыс етіледі. 

Марапатату шарасы өтетін орынға барып-қайту шығынын Конкурс қатысушысы өзі көтереді.

ЖҮЛДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Конкурсқа кез келген адам, танымалдығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекен-жайына қарамастан қатыса алады.

Конкурсқа ортамызда жүрген, көзі тірі авторлардың шығармалары ғана қабылданады.

Конкурсқа шығармаларды автордың өзі ғана жолдай алады/соавтор, автордың (құжаттағы) аты-жөні  көрсетілмеген шығармалар,  үшінші бір адам арқылы жіберілген жұмыстар қаралмайды. 

Шығармалар қазақ немесе орыс тілдерінде жазылуы тиіс.

Қатысушылар бір мезгілде Конкурстың бірнеше номинациясына жұмыстарын ұсына алады.  

Әрбір қатысушы Конкурстың бір жанрына 3 шығармаға дейін жолдай алады. 

Конкурстың 2016 жылы жарияланған аталымдарына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.  

Конкурсқа алдыңғы жылдары ұсынылған жұмыстар екінші рет қабылданбайды және қаралмайды. Сонымен қатар, Конкурсқа факспен, қолдан жазып жіберілген шығармалар қабылданбайды және қаралмайды. 

Қазылар және ұйымдастыру комитетінің мүшелері Конкурсқа үміткер ретінде қатыспайды. 

ЖҰМЫСТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

Жұмыстар ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmail.com электрондық мекен-жайына жолданылуы керек немесе  www.akalam.kz сайтында келесі мәліметтер толық  көрсетіліп толтырылуы тиіс: 

  1. Тегі, есімі, әкесінің аты (құжат бойынша), жасы, мекен-жайы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, сондай-ақ қосымша кез келген ақпарат (бұл мәліметтермен тек ұйымдастыру комитеті танысады);
  2. Байланыс телефоны,  e-mail (бұл мәліметтермен тек ұйымдастыру комитеті танысады);
  3. Шығармалар электрондық түрде (файл форматы - Microsoft Word немесе RTF, шрифт Times New Roman немесе Arial Cyrillic, шрифт мөлшері 12, жолдар арасындағы интервал 1,5);
  4. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер толықтырылған хаттың электрондық поштамен ұйымдастыру комитетіне жіберілуі Сіздің Конкурс ережесімен келіскеніңізді, сонымен қатар жолданған шығармаларды әрі қарай ұйымдастыру коимитетінің пайдалануына автоматты түрде рұқсат бергеніңізді білдіреді  (төменде көрсетілген «Шығармаларды пайдалану» бөлімін қараңыз). 

Назар аударыңыз! Қатысушылар үшін конкурс анонимді түрде жүргізіледі.  Конкурсты өткізу және қорытынды шығару кезінде қатысушылардың тіркелу мәліметтерін  ұйымдастыру комитеті мен сайт администраторы ғана қарай алады. Егер Конкурс қатысушысы сайт жұмысына ат салысуға ниет білдірмесе және біздің авторымыз болғысы келмесе, тіркелу мәліметтері сол күйі  жарияланбайды. Мұндай жағдайда деректер редакцияланып, байланыс телефоны мен мекен-жайы көрсетілмеуі мүмкін. 

Конкурсқа жұмыстар түрлі аталымдар бойынша  2016 жылғы шілде айының 01 күні мен 2016 жылғы қазан айының 15 күні аралығында қабылданады.

КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ 

2016 жылы Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізіледі: 

  1. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ
  2. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ 
  3. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯСЫ
  4. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ
  5. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ
  6. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКА НЕМЕСЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ
  7. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНО СЦЕНАРИІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ
  8. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН
  9. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК РОМАНЫ
  10. ДЕМЕУШІ ТАҢДАУЫ

ШЫҒАРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Автор, Конкурсқа өз шығармаларын жолдай отырып, олардың ұйымдастыру комитеті мен қазылар мүшелерінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының түрлі қалаларында жариялануына келісімін береді сондай-ақ, автор авторлық қаламақы алуға ұмтылмайды.  

Ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайы: adebiet2014@gmail.com

"Ұлт ақпарат"