23 шіл, 2024 сағат 12:55

Әлназарова Мәсімовтың руына қатысты пікір білдірді


Фото: parlam.kz

Баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Кәрім Мәсімовтың руына қатысты пікір білдірді. 

Бұл тақырып журналистер тарапынан көтерілген болатын. Журналистер министрге «медицина құжаттарында адамның руы жазыла ма және жеке деректерді жария ету қаншалықты заңды?» дегенді сұрады.

Министр бұл сұраққа жауап ретінде медицина құжаттарында адамның руы жазылмайтынын және жеке деректердің құпиялылығы сақталуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, жеке мәліметтерді жария ету заңға қайшы екенін еске салды. Мұндай мәліметтер тек заңды негіздер болған жағдайда ғана жария етілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Мен ол подкасты көрген жоқпын. Қосымша ақпарат айтайық. Медициналық құжаттарда рудың жазылуына байланысты ешқандай шарт жоқ. Сондықтан қосымша ақпарат беру керек болса, жібереміз», - дейді Ақмарал Әлназарова.


Айта кетейік, Кәрім Мәсімовтың әкесі Қажымқан Мәсімовпен бірге жұмыс істеген Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова «Адал адам» арнасына берген сұхбатында Кәрім Мәсімовті барлығы ұйғыр деп ойлайды, бірақ ол ұйғыр емес, руы Найман қазақ болуы мүмкін екенін айтқан.