Сурет: ашық дереккөз
Алматыда осы жылдың бірінші тоқсанында қалада орташа еңбекақы 16,4 пайызға өсіп, 454 мың теңге болды.
Қала экономикасы басқармасы мәлім еткендей, сәуір айында инфляция наурыз айында 9,7%-дан 9,1%-ға дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан ары 7-8%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр.
«Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Жыл басынан бері 19,5 мың адам жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін 87 мың тұрғын еңбекпен қамтылады. Оның 61%-ы тұрақты. Бұл ретте, қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – 2024 жылдың бірінші тоқсанында 4,7%-ға дейін төмендейді», - деп хабарлады басқармадан.
2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа жалақы 454 мың теңге (республика бойынша – 382 мың теңге) болды. Номиналды мәнде жалақы 16,4%-ға, нақты мәнде 6%-ға өсті.