23 қаң, 2024 сағат 12:37

Алматылықтар жойқын жер сілкінісіне дайын болуы керек пе?

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтар жойқын жер сілкінісін күтуі керек пе, жоқ па, жауап берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Сейсмикалық оқиғадан кейін Қырғызстанда да, Қытайда да 100-ден аса афтершок тіркедік. Қала тұрғындары мен қонақтары бестен көп емес дүмпуді сезді, олар айтарлықтай сезілді. Бұл қанша уақытқа созылуы мүмкін? Былтырғы Түркия мен Сириядағы сейсмикалық оқиғаларды алайық. Афтершок әлі күнге дейін болып жатыр. Сирияның Кахраманмараш қаласында болып жатқан сейсмикалық оқиғаларды бәріңіз көріп отырсыздар. Бұдан күшті жер асты дүмпулерін күту керек пе? Мұнда мен 100 пайыз мәлімдей аламын, күшті, жойқын жер сілкінісі немесе афтершок болмайды, олар бәсеңдеп барады", - деді Сейсмология институтының директоры.

Оның айтуынша, тұрғындар қайтадан жер асты дүмпуін сезсе, жер сілкінісі кезінде өзін ұстау ережелерін білуі керек.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде алматылықтар жаңа жер сілкінісін сезді. Бірақ ол әлсіз болды.