23 жел, 2019 сағат 11:39

Алматылықтар Жаңа жылды салық қарызынсыз қарсы алмақ

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаменті 27 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Полиция департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып «Жаңа жылды салық қарыздарынсыз қарсы алайық» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл акцияның арқасында бюджетке 16 млн теңге сомасында берешек өндіріп алды.

Сонымен қатар, осы арада 3 531 салық төлеуші қарыздарын ерікті түрде өтеген.

Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешегі 150 млн теңгеге төмендеді.

Осыған байланысты Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын үнемдеуге мүмкіндік беретін мәжбүрлеу шараларын күтпестен салық берешегін төлеуді сұрайды.