26 қаң, 2024 сағат 15:57

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жер асты дүмпулерін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша 14:17-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.1, магнитудасы - 4.9 MPV, бағыты 41.09° с.е. 78.49° ш.б. жатыр. Ал тереңдігі - 5 км", - делінген хабарламада.

Алматыда 2 балл болатын жер асты дүмпуі сезілді.