01 қаз, 2025 сағат 10:26

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реал Мадридке» 0:5 есебімен есе жіберді

Фото: ашық дереккөз

УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші турында алматылық «Қайрат» футбол клубы Испанияның атақты «Реал Мадрид» командасынан 0:5 есебімен ірі жеңіліс тапты, деп хабарлайды Ult.kz.

Матч басынан «Қайрат» белсенді ойнап, алғашқы қауіпті шабуылдардың бірінде Дастан Сәтпаевтың баспен соққан добы мадридтік қақпашы Тибо Куртуаға қиындық туғызды. Алайда, 26-минутта «Қайрат» қорғанысы қателік жіберді, нәтижесінде тағайындалған пенальтиді Килиан Мбаппе голға айналдырып, есепті ашты (0:1).

Екінші таймда «Реал Мадрид» басымдықты толығымен өз қолына алды. Мбаппе екі гол соғып, хет-трик жасады, ал төртінші голды Камавинга салды. Қосымша уақытта «Реал Мадрид» тағы бір гол соғып, матч 0:5 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші турда «Қайрат» Португалияның «Спортинг» клубынан 1:4 есебімен жеңілген болатын. Қазақстандық клуб турнирде жалпы 8 ойын өткізеді, оның 4-еуін өз алаңында, 4-еуін сырт алаңда өткізеді. Алдағы ойындарда «Қайрат» Италияның «Интер», Англияның «Арсенал», Бельгияның «Брюгге» және тағы басқа командалармен кездеседі.