23 қаң, 2024 сағат 11:35

Алматыдағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны 44-ке жетті

Фото: gov.kz

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 44 адам медициналық көмекке жүгінген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

"Түнгі сағат 01:00-ден бастап Алматыда бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаты бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

Олар әртүрлі көрсетілімдермен қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-і ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і ауруханаға жатқызылды, 5-і амбулаториялық емге жіберілді" - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, барлық пациент қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.