22 қыр, 2021 сағат 10:54

Алматыдағы жағдай қоғамды ойландыруы қажет – Ерлан Саиров


Алматыдағы жағдай мемлекет пен қоғамды ойландыруы қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның пайымынша, сот шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс. 

«Алматыдағы жағдай мемлекет пен қоғамды ойландыруы қажет. Сыртқы жағдай өте күрделі. Ауғанстан факторы біздің елге әрқашан әсер ететін болады. Сондықтан ішіміздегі проблемаларды оң шешудің амалын ойластыру маңызды.

Елімізде заңдылық болуы керек. "Заң қатал, бірақ ол заң" принципі - универсалды бап. Дегенмен, заңның өзі әділеттілік принципіне негізделуі тиіс.

Әділдік, гуманизм арқылы ғана заңның толық орындалуын қамтамасыз етуге болады. Бірақ рецидивист, сепаратист, зорлық-зомбылыққа жақын, адамның ала жібін аттайтын азаматтарға заң өте қатал болуы абзал.

Қарапайым, заңды орындайтын, еңбекқор адамның мүддесін қорғайтын заңдар керек.

Соттардың шешімдері әділетті, түсінікті болуы тиіс. Бұл - бүгінгі үлкен проблема. Заң қатал, бірақ таза, кіршіксіз, адал адамдар жағында болуы қажет!», - деп жазды ол.