Фото: t.me/almatynews_kaz
Алматы қалалық ПД өкілдері автобус апатынан 1 адам қаза тауып, тағы 16 адам зардап шеккенін мәлімдеді.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бұл жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Алмалы ауданында 14 сағат 20 минутта болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA маркалы автомашинаның жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, "City-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін № 18 бағыттағы автобуспен соқтығысуға жол беріп, кейіннен кедергіге соғылған. Апат салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, тағы бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарда.