Фото: Pexels.com
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 04 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ult.kz.
"Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталып жатыр", - дейді ЖШС өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, жерсілкінісі ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан. Жерсілкінісінің координаттары: 41.021 с.е. 78.387 ш.б Тереңдік 5 км.
Жерсілкінісінің энергетикалық класы 14.0. Магнитуда MPV6.7. Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша):
Есептік қарқындылығы: Алматы қ. 3 б.,277 км
Жер сілкінісі Оңтүстік Қытайдағы жер сілкінісімен байланыстыруға болады. EMSC-CSEM.org мәліметінше, ол жақта магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісінен кейін араға көп уақыт салмай-ақ телефондарға сейсмикалық белсенділік туралы хабарламалар келе бастады.
