14 қар, 2023 сағат 19:18

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлері соққыға жығылды

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Бұл ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Белгісіз ер адам алдымен көмек сұрап, артынша шабуыл жасаған. 

"Кезекті қоңыраудан қайтып келе жатқан кезде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне жақындап, әйелге көмек көрсетуді өтінген. Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып, олардың денсаулығына зиян келтірген", - делінген Алматы денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Қазіргі уақытта Алатау ауданы ПБ заңсыз әрекетке барған тұлғаға қатысты процессуалдық шешім қабылдау сатысында.

"Бүгінде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем алып жатыр", - деп қосты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.