08 қаң, 2025 сағат 17:08

Алматыда жанжал шығарған 6 үндістандық студент депортацияланады — Саясат Нұрбек


Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда жаппай төбелес шығарған үндістандық студенттер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.


Оның айтуынша, жанжалға тек қана үндістандық студенттер қатысқан, қазақстандық студенттердің қатысы жоқ.


Қазіргі уақытта Алматы полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.


— Сол тергеудің нәтижелерін күтеміз. Үндістан елшілігімен тікелей байланыстамын, елшімен де сөйлестім. Осылайша, бірлесіп, жанжалға қатысқан студенттерді депортацияға жіберу шешімін қабылдадық. Бұл біздің ішкі нақты позициямыз. Жақында Президентіміз «Ана тілі» газетіне сұхбат берді. Кез келген шетелден келген азаматтар өз елінде қалай заң сақтаса, Қазақстанда да солай қатаң заң сақтауға міндетті. Сондықтан тергеу шешімі қандай болса да, біз Үндістан елшілігімен бірлесіп, 6 студентті депортацияға жібереміз, — деді министр Үкіметте өткен брифингте.


Бұған дейін Атырау облысында төбелестен 1 адам мерт болып, 2-еуі ауруханаға түскенін жаздық.