20 нау, 2024 сағат 13:27

Алматыда заңсыз миграция ұйымдастырғандар ұсталды - ҰҚК

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Ауғанстаннан Еуропаға заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар ұстады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 


ҰҚК ШҚ «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматының ҰҚК департаментімен бірлесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарының Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.


«16 наурызда лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру әрекеті кезінде Ауғанстанның 4 азаматы ұсталды. Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған», - делінген хабараламада.


Қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Соттың санкциясы бойынша, ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.