Алматыдағы кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі қалада қарды дер кезінде тазаламағандықтан, 131 ереже бұзушылық жасаған. Полицейлер 808 ереже бұзушылық дерегін анықтады. Оларға 6,744 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ереже бұзған заңды тұлғаларға 30 айлық көрсеткіш көлемінде (63 630 теңге) айыппұл салынатыны айтылады. "Сондай-ақ, шамамен 1100 ұйымға ескерту жасалды. Олардың жұмыстары бақылауға алынды", - деді жергілікті полиция өкілдері.
Сондай-ақ, жергілікті полицейлердің айтуынша, тексеру шаралары әлі де жалғасады. "Біз жүргізген тексеру жұмыстары қаладағы мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың барлығының қар тазалау жұмыстарымен айналыспайтынын көрсетті. Учаскелік полиция инспекторлары мен Табиғи ортаны қорғау полицейлерімен біріге отырып, тексеру жұмыстары әлі де жүргізілетін болады", - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.