Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматыда тағы жер сілкінді.
Сейсмологиялык зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз Алматы уақытымен 05:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы — 12.6.
Магнитудасы — 5.4.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.
Еске сала кетейік, 4 наурыз Алматыда 5 балдық зілзала болған еді.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабатта негізгі іргелі қабырғалардың бұрышынан орын тауып жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабатта);
- Көпқабатты үйде жер сілкініп болған соң ғана ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында су, газ, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл шабаданын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
- Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіңіз.