23 қаң, 2024 сағат 17:13

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Скриншот/ Google Карта

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жер сілкінісін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:07-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 11,6; магнитудасы MPV - 4,9; эпицентр координаттары – 41,14° солтүстік. 78,57°D; тереңдігі – 5 км", - делінген хабарламада.

Орталық мәліметінше, алматылықтар 2 балдық дүмпуді сезінген.