Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
21 мамырда Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Сағат 10:00-де қала бойынша сирена қосылады.
Сирена-дыбыстық қондырғылар іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп шоғырланатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін әзірлей отырып, нысандық сейсмикалық дайындық жүргізіледі.
«Осыған байланысты Алматы Төтенше жағдайлар департаменті үрейленбеуді, ғимараттардан (пәтерлерден, үйлерден, тұрақты демалыс орындарынан) эвакуациялау элементін тәжірибеден өткізуге қатысуды сұрайды», - деп толықтырды ведомство.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, қалада баспанасыз қалған «зардап шеккен» тұрғындарды қабылдаудың барлық 384 пункті ашылады.