25 мам, 2025 сағат 13:51

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 101 жылдығы аталып өтті


Фото: Қорғаныс министрлігі


Алматыда Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 101 жылдығы аталып өтті. Еске алу рәсімі қолбасшы тұрған үйде орнатылған ескерткіш жанында өтті. Ал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери институттың алаңында курсанттар сап түзеп, "101" санын жасады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.


Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған.

1942 жылдың шiлде айында 18 жаста кеңес әскер қатарына қабылданып, Түрікменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiк аяқтайды. Кейін взвод командирi ретiнде майдан шебiне аттанады.


1945 жылдың 27 ақпанында 21 жасында Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының батыр атағы беріледі. 1945 жылдың 31 мамырында Қызыл ту орденімен марапатталады. Қазақтың қаһарман жігіті соғысты Берлинде аяқтады.

Ол 1946–1949 жылдар аралығында Мәскеудегi Фрунзе атындағы Әскери академияны бітіріп, Орта Азиядағы Түркiстан әскери округiне полк басқаруға жiберiлдi. Кейін әртүрлi штабтық, командалық лауазымдарда, оның iшiнде Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округi қолбасшысының орынбасары, Оңтүстiк топ әскерлерi қолбасшысының бiрiншi орынбасары (Венгрия) қызметiн атқарды.


1992 жылы Сағадат Нұрмағамбетов Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрi болды.

1994 жылы Халық Қаһарманы атағы мен №1 "Алтын Жұлдыз" табыс етiлдi.

1995 жылы армия генералы атағымен отставкаға шығып, Қазақстан президентiнiң кеңесшiсi болды.

2013 жылдың 24 қыркүйегінде Сағадат Нұрмағамбетов 90 жасқа қараған шағында өмірден озды.