06 қаз, 2024 сағат 18:08

Алматыда референдум қалай өтуде? (фоторепортаж)


Бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Еске салсақ, 12 млн-нан астам қазақстандық дауыс беруге құқылы. Дауыс беру үшін барлығы 10 323 учаске ашылды, оның ішінде 74 учаске – әлемнің 59 еліндегі шетелдік мекемелердің жанынан.

Алматыда 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Қалада алғашқылардың бірі болып мегаполис әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге дауыс берді. Олар № 48 мектеп-лицейінде орналасқан № 388 сайлау учаскесіне келді.

Референдумды аты аңызға айналған опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова да қолдады. №559 сайлау учаскесінің өкілдері оның тұрғылықты жеріне бюллетеньдерге арналған тасымалданатын урнаны апарды.


Халық әртісі бұл оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, референдумға қатысу-әрбір азаматтың Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілігі.

«Мұндай шешімдер мұқият ойластыруды қажет етеді, өйткені олар елдегі қазіргі жағдайға ғана емес, келер ұрпақтың болашағына да әсер етеді. Мен мемлекет үшін осы маңызды мәселеде өз дауысымды бергенімді мақтан тұтамын», - деп атап өтті Бибігүл Ахметқызы.


Референдумға Қазақстанның халық әртісі, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов те қатысты.

Қазақ киносының аңызына айналған ол жұбайымен бірге Б. Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде орналасқан № 382 сайлау учаскесінде дауыс берді.


Отандық өнер жас буынының өкілі-музыкалық продюсер, «101» тобының экс-солисі Иван Бреусов таңертең белсенділік танытқан сайлаушылардың қатарында болды. Ол № 125 сайлау учаскесі орналасқан А. Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясында дауыс берді.


«Барлығын да дауыс беруге шақырамын, өйткені демократиялық мемлекетте әр азаматтың дауысын ескеру өте маңызды», – деді Иван Бреусов бюллетеньді урнаға салғаннан соң.


Мегаполисте алғашқылардың бірі болып Алматы музыкалық колледжінің №64 учаскесінде дауыс берген қоғам қайраткері Асылы Осман да өзінің сайлау құқығын пайдаланды.


Бокстан Париждегі ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да референдумға қатысты.


Атақты спортшы өзінің азаматтық борышын алғашқылардың бірі болып орындап, өзгелерді үлгі алуға шақырды.

«Барлық қазақстандықтар өз таңдауын жеке сенімдеріне қарай жасауы керек деп санаймын. Әрбір дауыс маңызды, біздің отандастарымыз бұл мәселеде белсенді болатынына сенімдімін», - деп атап өтті Назым Қызайбай.


Алматыда «Қазақстан аруы – 2023» сұлулық байқауының қатысушылары Сабина Ыдырысова, «Әлем аруы Қазақстан аруы-2023» Мадина Альмуханова және «Алматы аруы-2024» Эльдана Сауранбаева сайлау учаскелеріне әр берді. 

Қыздар тәждерімен, ленталарымен келді.  Олар референдум өткізудің маңыздылығын атап өтіп, өз ұстанымдарын білдіру азаматтық жауапкершіліктің маңызды аспектісі екенін атап өтті.

Алматыда өткен дауыс беруге жұбайлық өмірдің 50 жылдығын атап өтетін жұп та қатысты. 


Бүгін жұбайлық өмірдерінің Алтын тойын атап өтіп жатқан Нұрғали Қанаев пен Орынша Берденова Жетісу ауданындағы №349 учаскеде сайлау құқығын пайдаланды. Мерейтойлар немерелерінің болашағын елдің жан-жақты тұрақтылығымен байланыстырады.

Дауыс беруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері де қатысты. Олардың арасында үйінде дауыс берген жүз жасқа келген майдангер Виктор Изюмников бар.  


Виктор Карповичтің айтуынша, азаматтық борышын орындау-абыройлы іс.

«Мен жүз жасқа келдім, ғасырлық ғұмырымда көп нәрсені бастан өткердім. Әрине, мен жастардың тағдырына бей - жай қарамаймын, сондықтан референдумға қатысып, барлығын азаматтық жауапкершілікті көрсетуге шақырамын», - деді ардагер.


Виктор Изюмников II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің иегері.

ҰОС-ның тағы бір ардагері, 97 жастағы Илья Григорьевич Кудин өзінің егде жасына қарамастан Жетісу ауданындағы №351 учаскеге өзі келді. 


Алматылық Меруерт Құлахметова референдумға қатысу үшін инватакси қызметін пайдаланды.


Мегаполистің № 173 мектеп-лицейінде орналасқан №585 сайлау учаскесінде алматылықтарды бойлары екі метрлік батырлар қарсы алды.


Жалпы, кейбір учаскелерде кезектер болды – ел үшін маңызды шешім-атом электр станциясын салу үшіньөз дауыстарын беруге дайын адамдар тым көп болды.


Еске салсақ, Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелерінде сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.