Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
"Алматыда Наурыз мейрамының ауқымды түрде тойлау жоспарланған. Негізгі іс-шаралар Астана алаңында 21 және 22 наурызда өтеді. Сонымен қатар, 21 наурызда қала көшелерінде "Көш. Наурыз-думан" мерекелік керуен жүріп өтеді", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Алаңның және бірқатар көшенің жабылуына байланысты қоғамдық көлік маршруттарының қозғалысына өзгерістер енгізілді. Маршрут кестесімен мына жерден таныса аласыздар.