Фото: 2gis.kz
Алматыда қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде екі ай ішінде рейд жүргізілді, - деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.
Белгілі болғанындай, 1000-ға жуық құқықбұзушылық анықталған. Соның ішінде:
көші-қон заңнамасын бұзудың 120 дерегі;
қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 дерегі;
заңсыз жалға алудың 114 дерегі;
жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;
жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567 дерегі;
алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 дерегі.
Жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, әрбір пәтер бойынша деректер базасы жасалған.
