18 ақп, 2026 сағат 16:03

Алматыда курьерге қатысты жыныстық сипаттағы әрекет бойынша іс қозғалды


Фото: ашық дереккөз


14 ақпан күні алматылық аруға гүл жеткізу қызметі хабарласып, тапсырысты табыстау үшін мекенжайын сұраған. Кешкі сағат 21:00 шамасында курьер көрсетілген мекенжайға келген. Бұл туралы Ult.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Жәбірленушінің айтуынша, ол алдымен тұрғын үйдің кіреберіс есігін ашып, курьерді өз қабатына дейін өткізген. Кейін пәтерінің есігін ашып, көлемді гүл себетін бөлме бұрышына қойып беруін өтінген. Сол сәтте курьер қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасап, халатын ашып, денесіне қол тигізген. Оқиға бірнеше секунд ішінде болған. Қыз оны дереу пәтерден қуып шыққанын және қатты қорыққанын жеткізді.


Алматы қалалық полиция департаменті аталған жайт бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар InDrive компаниясы қызметкерге қатысты ішкі тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.