25 шіл, 2025 сағат 10:26

Алматыда көше аты берілетін тұлғалар тізімде 2 ғана әйел бар


Фото: wikiway.com

Алматыда ресми атауы жоқ 156 көшеге жаңа атау берілмек. Көше аты берілетін тұлғалар тізімінде 2 ғана әйел бар, деп хабарлайды Ult.kz Batyr Jamal әлеуметтік желі парақшасына сілтеме жасап.

Тізімдегі екі әйелдің бірі лингвист, филология ғылымдарының докторы Рәбиға Сыздық болса, екіншісі Алматыда алғашқы балаларға арналған музыкалық театрдың негізін қалаушы, СССР халық әртісі Наталья Сац.

Ал Алматыдағы 35 көшеге ер адамдардың аты берілмек. Олардың ішінде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, қазақ анимациясының негізін қалаған Әмен Қайдаров, Вьетнамның саяси қайраткері Хо Ши Мин сияқты тұлғалар бар.

Бұдан бөлек, Алматыда Мұнара, Сарқырама, Құлын, Абыз, Сұңқар, Құдірет деген көшелер пайда болуы мүмкін. Алматы әкімдігі ұсынысты мәслихаттың қарауына жолдаған. Соңғы шешім әлі қабылданбады.