Алматы қаласында Жароков көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы балконнан өрт шықты. Жалын пәтерге тараған, деп хабарлайды Ult.kz.
Өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден 11 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
Қызыл жалын 30 минутта ауыздықталып, 30 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
