09 қаз, 2025 сағат 11:32

Алматыда Қазақстан композиторларына арналған концерт өтті

2025 жылдың 8 қазанында Алматы қаласында қазақстандық композиторлардың мерейтойына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Құрманғазы атындағы халық аспаптары ұлттық оркестрінің әртістері көрерменге Евгений Брусиловский, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев және ұлттық музыка тарихында өшпес із қалдырған басқа да тұлғалардың танымал туындыларын ұсынды.

Оркестрмен бірге Қазақстанның халық әртісі – Әлішер Кәрімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева және Саяат Медеуов өнер көрсетті.

Бұл концерт – қазақ композиторларының шығармашылығын насихаттап, кейінгі ұрпаққа аманаттаған мәні зор мәдени іс-шара болды.

Кеш қонақтары орындаушылардың жоғары кәсіби шеберлігі мен концерттің шығармашылық атмосферасын ерекше атап өтті.