Фото: Алматы полиция басқармасы
Алматыда әнші Қайрат Нұртастың концертіне орай қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша шаралар енгізіледі, деп хабарлайды Ult.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, 31 қазан күні сағат 19:00-де өтетін концерт Орталық стадионда ұйымдастырылады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және кептелістердің алдын алу үшін көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін.
Шектеу аймағы: Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің аралығы.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.
«Қоғамдық тәртіпті сақтаңыздар және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың бұл концерті оның шығармашылық жолындағы ең ірі шоулардың бірі болмақ.
