Фото: Elements.envato.com
Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда Қала күні мерекеленеді. Биыл 15 қыркүйекке түсіп тұр, алайда мереке 10 қыркүйектен-ақ басталып кетті. Қандай шаралар өтетітіне тоқталайық.
11 қыркүйекте Алматылықтарды алғашқылардың бірі болып «Дос-Мұқасан» құттықтайды. Аты аңызға айналған ансамбльдің концерті сағат 19:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында (Нұркент шағын ауданы, 6) өтеді.
Одан кейін дәл осы алаңда сағат 20:00-де «Музарт» тобының концерті басталады. Кіру тегін.
11 қыркүйекте сағат 19:00-де Арбатта «Алматы махаббатым» атты театрландырылған концерт өтеді. «Жаңа ғасыр» театрының артистері ретро әндер мен поэзия арқылы мюзикл жанрындағы еркін шығармашылық атмосфераға бөлемек.
12 қыркүйекте «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында сағат 18:00-де (Нұркент шағын ауданы, 6) «Ұлы дала үні» концерттік бағдарламасы өтеді. Халық алдында Ulytau танымал этно-рок тобы өнер көрсетеді.
12-15 қыркүйек аралығында Панфилов көшесіндегі Арбатта сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Алматы кітапханалары «Кітап оқуға саяхат» атты квест өткізеді.
Сонымен қатар, 14-15 қыркүйекте сағат 11:00-ден бастап Арбатта жыл сайынғы «Кітап fest» фестивалі өтеді.
12 қыркүйекте сағат 15:00-де Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында киностудияның алтын қорындағы фильмдер көрсетіледі. Айта кетейік, биыл Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының құрылғанына 90 жыл, ал актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толады.
13 қыркүйекте сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының (Нұркент шағын ауданы, 6) алдында «Алматы кеші» атты театрландырылған концерт өтеді, іл-шала сағат 19:30-да театр артистері «Qazaqsha терапия» тобының қатысуымен «Ғасырлар үні» театрландырылған концерт ұсынады. Кіру тегін.
Қала күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар осы демалыс күндері – 14 және 15 қыркүйекте өтеді.
14 қыркүйекте сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында (Нұркент шағын ауданы, 6) Open Air Jaidarman өтеді. Ашық аспан астындағы концертте қаланың ең танымал КТК командалары өнер көрсетіп, ұмытылмас әсер, қағытпа қалжың, әдемі әзіл ұсынады. Кіру тегін.\
Артынша сағат 20:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында (Нұркент шағын ауданы, 6) «Ән тербеген Алматым» ретро кеші өтеді.
14 қыркүйекте сағат 16:00-де Астана алаңында LuxFM радиостанциясының фестивалі өтіп, оған Мирас Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren және Adam сияқты танымал артистер қатысады. Кештің басты қонағы – Грэмми сыйлығының иегері, продюсер DJ Imanbek.
Қала күні, 15 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Республика сарайының алдындағы Абай алаңында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды отбасылық фестиваль өтеді. Бұл бірегей жоба әрбір отбасы мүшесіне қызықты болмақ.
Осы жерде сағат 11:30-да «Алматы – арман қала!» эстрадалық концерті өтеді.
Дәстүр бойынша 15 қыркүйекте Тұңғыш Президент атындағы саябақта сағат 10:00-де жыл сайынғы «Алма Fest» фестивалі басталады.
15 қыркүйекте сағат 11:00-ден бастап Арбатта «Туған күніңмен, Алматым» фестивалі өтеді.
15 қыркүйекте Астана алаңында сағат 17:00-де эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show өтеді.
Сол күні, 15 қыркүйекте, қала күніне орай еліміздің ең танымал жас артистің бірі Садраддин алғаш рет Орталық стадионда жеке концертін өткізеді.
16 қыркүйекте сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында (Нұркент шағын ауданы, 6) республикалық «Ұлағат сөзім ұрпаққа» фестивалі өтеді.
Сонымен қатар, 15-25 қыркүйек аралығында Қазақ мемлекеттік цирк артистері Тұңғыш Президент саябағында шоу бағдарлама ұсынады.
Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді:
-Әуезов ауданында «Алматы - сүйікті қала» мерекелік концерті 13 қыркүйек күні сағат 11:00-де Family park демалыс саябағында өтеді;
-Алатау ауданында «Алматы - менің жүрегімде» мерекелік концерті 14 қыркүйек күні сағат 16:00-де «Алатау» ДӨТ алдында өтеді;
-Алмалы ауданында «Туған күніңмен, Алматы!» 13 қыркүйек күні сағат 15:00-де Ганди атындағы саябақта өтеді;
-Бостандық ауданында «Туған күніңмен, Алматы!» 13-14 қыркүйекте сағат 16:00-де Mega Almaty СОО аумағында өтеді;
-Жетісу ауданында қала күнін мерекелеу 13 қыркүйек күні сағат 18:00-де Құлагер ш/а «Гүлдер» саябағында өтеді;
-Наурызбай ауданында «Алматы - біздің ортақ үйіміз» мерекелік концерті 14 қыркүйек күні сағат 12:00-де Шұғыла ш/а, 347 амфитеатр аумағында өтеді;
-Түрксіб ауданында «Алматы - әсем қалам» негізгі аудандық концерті 14 қыркүйек күні сағат 15:00-де №6 оқушылар үйінің скверінде көркемөнер ұжымдарының, ҚР эстрада жұлдыздарының және Live band қатысуымен өтеді;
-Медеу ауданында «Туған күніңмен, Алматы!» 14 қыркүйек күні сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді;