Фото: Алматы әкімдігі
Алматы экономикасы орнықты дамып келеді. 2025 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында қысқа мерзімді индикатор 109,5% жетіп, бұл дерлік барлық секторда өсім бар екенін білдіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің экономика басқармасы, деп хабарлайды Ult.kz.
Өнеркәсіп саласында тұрақты өсім тіркелді: индекс 114,1% болды. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінде өсім 16,2% жеткен.
Құрылыс секторы да өсім қарқынын сақтап отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 24% өсті, 1,1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді (+12,2%), ал көпқабатты үй құрылысы 20% артты.
Сауда саласында да оң өзгеріс байқалады: жалпы өсім 4,4%, бөлшек сауда 7,9%, көтерме сауда 3% артты.
Көлік және қойма қызметтерінің көлемі 24,4% өсті, байланыс саласындағы өсім 3,3% болды.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 28,2% артып, 714,4 миллиард теңгеге жетті. Оның 557,5 млрд теңгесі – жекеменшік инвесторлардың үлесінде.