31 қаң, 2020 сағат 08:55

Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысы басталды

Алматыда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Молдова премьер-министрлерінің қатысуымен «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара барысында сарапшылар коалиция құру жолдары мен жасанды интеллект және үлкен мәліметтер саласында өзара ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ. Сонымен қатар инфрақұрылым құру, технологияны ілгерілету, цифрлық теңсіздікті жою мәселелерін талқылайды.

Бұдан кейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына жиналады.

Бұған дейін, Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі Серік Жұманғарин. ЕАЭО-ның қолданыстағы заңнамасы түбегейлі өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.