Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген қауесет таралды. Оқиға орнынан жантүршігерлік суреттерден басқа қазақстандықтар өз араларында қорқынышты суреттер мен аудиофайлдарды жолдаған. Олардың ішінде «Жұлдыз» ықшамауданында 100 радикал топтың бар екендігі туралы қауесеттер айтылды.
kaz.tengrinews.kz редакциясы расталмаған ақпараттардың тізімін жасады.
1) Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынғаны туралы ақпарат тараған соң «куәгерлер» Орталық стадион маңында атыстардың болып жатқаны туралы хабарлады. Ақпарат расталмады. Алайда, Абай даңғылы мен Байзақов көшелесінің қиылысына қаруланған адам жүрген. Оны құқық қорғау органдары дереу ұстады. Сонымен қатар. кейбір мәліметтер бойынша, бұл маңда ішінде өлі ер адам жатқан Toyota Camry көлігі табылған.
2) Сонымен қатар, 100 экстремистің «Жұлдыз» ықшамауданынан қалаға қарай келе жатқаны туралы ақпарат. Ол ақпаратты Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабындағылар жоққа шығарды.
3) Әлеуметтік желілерде Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген қауесеттер де тарады. Қорғаныс министрлігіндегілер бұл қауесетті жоққа шығарды. Әлеуметтік желілерде Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген қауесет тараған болатын. «Бұл ақпарат расталмаған», — деді баспасөз қызметіндегілер.
4) Алматыда Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан «Сити Центр» сауда орталығы қоршауға алынғаны туралы хабарлама. Алайда, бұл ақпарат та жалған болып шықты. Төле би мен Өтеген батыр көшелерінде орналасқан «Сити Плюс» сауда орталығы туралы да осындай ақпарат келіп түскен болатын.
5) Қаланың кейбір азаматтары №5 қалалық ауруханадағы атыс туралы айтқан еді. Ол ақпарат та расталмады.
Сағат 14.00-де Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабындағылар Алматының аудандарында делінген атыстар туралы ақпаратты растамады.
«Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабындағылар Алматы қаласындағы аудандардың, оның ішінде «Жұлдыз» ықшамауданы, Бостандық ауданындағы Spa-орталықта атыс болды делінген ақпараттарды жоққа шығарды», — деп хабарлады жедел штабтың өкілдері. Сонымен қатар, олар азаматтарды тыныштықты сақтауға және дүрлікпеуге шақырды.
Еске салайық, Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД жасалған шабуыл жасалған болатын. Қазіргі уақытта Алматыда «Жедел ұстау» арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды», — делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 7 полицей жатыр. Алматыда террористік қауіптің «қызыл деңгейі» жарияланып, кешкі уақытта қайтадан алып тасталды.